"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ А.Т.ҚАБАШЕВ "КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯ" БАЗАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма Төрағасы А.Т.Қабашев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың басшылығымен және Маңғыстау облысы жергілікті уәкілетті органдарының, Жобалық кеңсенің және базалық бағыттардың басшыларының қатысуымен өткен "Кәсіпкерлік және индустрия" базалық бағытындағы жобаларды қарау бойынша отырысына қатысты. Отырыс барысында ағымдағы жылдың 9 айындағы базалық бағыт қызметінің қорытындылары, жобалар мониторингі, өзгерістерді уақтылы басқару және жобалар бойынша түзету іс-қимылдарын жүргізу мәселелері, базалық бағыт және жалпы Жобалық кеңсенің жұмысын тиімді​ ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған өзге де мәселелер қаралып, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқару жүйесін енгізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 179